Жұма, 22 қараша, 18:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Әкімдер бұдан былай «AMANAT» партиясында лауазым иеленбейді

25.11.2022

318

0

 «AMANAT»-тың өңірлік және аумақтық филиалдарында партиялық конференциялар өтті. Күн тәртібінде өңірлік филиалдардың 2022 жылғы 10 айдағы жұмысын қорытындылау, сондай-ақ әкімдерді филиал төрағасы қызметінен босату мәселелері қаралды.

Биыл наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді. Қарашаның басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді.

Конференция қорытындысы бойынша, барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай «AMANAT» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағасы лауазымын атқармайды. Партияның тиісті филиалдарындағы Саяси кеңес Бюросы мен Саяси кеңестерінің құрамына кірмейді.

«Бұл шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар бағытын іске асырудың қисынды жалғасы саналады. Бұл қадам партиялық бәсекелестікке серпін беретініне сенімдіміз. Әсіресе, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өтетін алдағы сайлау аясында бұл шешім өте өзекті», — деп атап өтті «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика