Сәрсенбі, 27 қараша, 03:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Төтенше жағдайлар министрі Сыр еліне жұмыс сапарымен келді

17.11.2022

298

0

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қызылорда  облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Төтенше жағдайлар министрі алдымен «112-Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің»  мамандарымен кездесті.

Қызылорда өңірінде республика бойынша алғаш рет 2018 жылы 20 қарашада «БКДҚ-112» пилоттық режимде жедел жәрдем стансасы базасында өз жұмысын бастаған болатын. «Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі-112» инфраструктурасы «Көмек-112» бірыңғай ақпараттық жүйесімен ІP телефоны арқылы қоңыраулар қабылдайды. Цифрлық картографиямен қамтамасыз етеді, тасымалдау автокөліктерін мониторинг жасайды. Оқиғалар карточкаларын жүйелейді,  сонымен бірге «101», «102», «103», «112»  қызметтерін «112» нөміріне біріктіреді және 15 пульт операторы бар колл-орталығынан тұрады. «Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі-112» өңір халқына тәулік бойы қызмет етеді.

Сонан соң министр Юрий Ильин мен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов қаланың Тасбөгет кентіне орналасқан «Қызылорда су торабының» жұмысын және  атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмысын көрді. 

«Қызылорда су торабы» — «Средне Азгипрохлопок» жобасы бойынша салынған және 1956 жылы пайдалануға берілген. Су торабының мақсаты — су тасқынының алдын алу және елді мекендерді шайып кетуге және су басуға жол бермеу мақсатында Сырдария өзенінің ағынын реттеу. Сондай-ақ 120 мың га суармалы жерлер мен 250 мың га жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту. 

Су торабының өткізу қабілеті-1200 м3/с. Су торабында сол жағалау және оң жағалау шлюздер-реттегіштер магистральдық каналдар бар. 
Қазіргі уақытта «КаспианКонтракторсТраст» ЖШС мердігері күрделі жөндеу жүргізуде.

Одан соң Төтенше жағдайлар минситрі Юрий Ильин Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының базасында құтқарушылармен кездесті. Министр құтқарушылармен әңгімелесіп, құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларын көрді.
 

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика