Сәрсенбі, 27 қараша, 03:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстары Қызылорда облысының аудандарында жалғасуда

16.11.2022

326

0

Биылғы жылдың 7-9 қарашасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Серікжан Мырзалы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен жұмыс сапары аясында Шиелі, Жаңақорған және Жалағаш аудандарына барды.

Сапар барысында ол өңірлердің проблемалық мәселелерімен танысып, салынып жатқан нысандарды аралады. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Серікжан Мырзалы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жаңа тәсілдері туралы айтты.

«Агенттік әрбір өңір үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Онда процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппайтын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген», – деп хабарлады департамент басшысы.

Сондай-ақ, департамент басшысы аудан кәсіпкерлері мен олардың проблемалық мәселелерін шешу және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылау бойынша кездесулер өткізді. 

«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Мемлекет басшысы айқындаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі шарты болып табылады», — деп атап өтті Серікжан Мырзалы.

Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жауапкершілігі туралы айтылып, агенттіктің 1424 Call орталығы жұмыс істейтінін ескертті. 1424 Call орталығының негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика