Сәрсенбі, 27 қараша, 03:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде 22 түп сора өсімдігі жойылды

14.11.2022

311

0

Қызылорда облысында биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2022» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 22 мың түп сора өсімдігі жойылып, облыстық полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қатысты 121 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі өсірудің — 55, есірткі сатудың — 12, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың -14, есірткі жарнамалаудың — 2 дерегі анықталды.

«Заңсыз айналымнан 72 келіге жуық марихуана және 501 грамм синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Есірткі өсірудің 18 дерегі далалық аймақтағы ірі есірткі алқаптарында тіркелсе, 37-сі үй, бау-бақша, саяжай аулаларына егу дерегі. Оқиға орындарында 21910 түп сора өсімдігі жойылды. Жалпы 10 тоннаға дейін марихуана шикі өнімінің заңсыз айналымға түсу жолы кесілді. Есірткі өсірумен айналысқан 54 адам қолға түсті», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, іс-шара кезінде Қызылорда қаласына кіре-беріс тас жолдарда қойылған жылжымалы мобильді бекеттерінде автокөліктерді қызметтік іздестіру итінің көмегімен тексеру нәтижесінде есірткі тасымалдаудың 18 дерегі белгілі болды. Сол арқылы Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларына аса ірі мөлшерде тасымалдаудың 7 дерегі анықталды.
 

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика