Сәрсенбі, 27 қараша, 03:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі Қазалы аудынының тұрғындарын жеке қабылдайды

31.10.2022

288

0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге Қазалы ауданында 3 қараша күні, сағат 15.30-18.00 аралығында аудан әкімдігінің ғимаратында жеке қабылдау өткізеді.

Сондай-ақ, 15.00-да Қазалы қаласындағы “Өрімтал” балабақшасының алдында халықпен кездесу өткізеді.

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және аудан әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта нақты көрсетілуі қажет.

Қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242)40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондары арқылы білуге болады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика