Жұма, 22 қараша, 19:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді

20.10.2022

307

0

Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы саласы жыл сайын толағай табыстарға қол жеткізіп, ел қазынасының молаюына өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Сыр өңірі қашаннан күріш өсірумен даңқы шыққан аймақ. Жалпы, өңірдің табиғи-климаттық және топырақ ерекшелігі күрішке өндірісіне бейімделгендіктен, күріштің отаны болып есептеледі.

Биылғы жылдың шіліңгір ыстығына, тынымсыз соққан желіне және суармалы судың аздығына қарамастан, облыс күрішшілері 445 мың тоннадан астам өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті.

Бұл көрсеткішке диқандардың вегетация кезінде орын алған су тапшылығы жағдайындағы қиындықтарға мойымай көрсеткен қажырлы еңбектерінің арқасында қол жеткізіліп отыр.

Аймақта экспорттық әлеуэтті арттыру және өткізу нарықтарын кеңейту бойынша нақты жұмыс жүргізіліп келеді. Облыста өндірілген күріш ішкі нарықты қамтып қана қоймай, ТМД және Европа, Америка елдеріне экспортталуда. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын тікелей қолдауының арқасында өңірдің аграрлық саласы заман талабына сай бейімделіп, тиісті шаралар қабылданып келеді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика