Сәрсенбі, 27 қараша, 05:26

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалағашта картоп өнімі арзандатылған бағада сатылуда

12.10.2022

296

0

Халықтың негізгі тұтынатын өнімі азық-түлік екені баршамызға белгілі. Сол себепті оған сұраныс жоғары. Оның үстіне базарда сатылатын бау-бақша өнімдерінің дені сырттан тасымалданады. Жергілікті бақша дақылдарының өнімі аз. Жасыратыны жоқ егін егіп, жер жыртып, еңбек етуге келгенде қиындықтан қашып, артқа тартып тұратындар да бар. Әрине оған сылтауда жетерлік. Сондықтан болар базардағы азық-түлік бағасының төмендемей тұрғаны.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына сапарында ауданның облыс орталығына жақын орналасуы бау-бақша мен фермерлік кәсіпті дамытуға мүмкіндік беретінін және соның нәтижесінде халықтың әлеуеті түзеліп, азық-түлік бағасы да тұрақталатынын баса айтқан еді. Осы орайда биыл шаруашылықтар егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында бақша дақылдарын егуді қолға алған болатын. Солардың бірі «Ер-Әлі» шаруа қожалығы. Шаруа қожалық биыл алғаш рет ірі көлемде картоп еккен. Өнімі де жаман емес. Шаруа қожалықтың төрағасы Әліби Бекжановтың ең бірінші мақсаты жиналған өнімді сырт өңірлерге қымбат бағамен сатып, пайдаға кенелу емес, аудан халқын картоппен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыруға үлес қосу екен. 

Бүгінгі таңда кент орталығында шағын жәрмеңке ретінде 25 тонна картоп өнімі Жалағаш ауданының тұрғындары үшін арзандатылған бағада сатылып жатыр. Мәселен базарда делдалдар арқылы әкелінген картоп 180-200 теңгеден сатылып жатса, тікелей өндірушіден 120 теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар.

«Биыл біз шаруашылықта 24 гектарға картоп, 5 гектарға сәбіз ектік. Картоптың әр гектарынан 22 тоннадан өнім алудамыз. Әлі де аудан тұрғындарына қолжетімді бағада өнімдерді әкелеміз. Бірінші өзімнің жерлестерімнен бастап жатырмын. Жалағаш ауданының тұрғындарын толықтай қамтамасыз еткеннен кейін ғана облыс орталығына, басқа аудандарға жеткізу ойымда бар», – дейді Әліби Бекжанов.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика