Сенбі, 23 қараша, 02:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жәрмеңкеден түскен 400 000 теңге жалғызбасты қарияларға жұмсалмақ

10.10.2022

333

0

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Оқушылар ата-аналарымен бірге үй жағдайында әзірлеген өнімдерін саудалады.

Жыл сайын өткізілетін жәрмеңкеге Шаңырақ қауымдастығы түгел дерлік қатысты. Жас зияткерлер ата-аналарымен бірге пісірген құймақ, бәліш, бауырсақ, тоқаш пен түрлі тәттілер мектеп қызметкерлері арасында лезде саудаланып кетті. Нәтижесінде қайырымдылық қорына 400 000 теңгеге жуық қаражат түсті.

«Бұл қаражат «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қаладағы жалғызбасты қарттарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге және қарттар үйінің қызмет алушыларына арналған мерекелік сыйлықтарға жұмсалатын болады.  Мұндай жәрмеңкелер мектебімізде жыл сайын өткізіліп отырады және бұл шараға балалар аса белсенділікпен қатысатыны қуантады», – дейді жоба координаторы, педагог-ұйымдастырушы-куратор Сәуле Серікбайқызы. 

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика