Сенбі, 23 қараша, 02:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық студент цитрустық жеміс ағаштарын өсірмек

05.10.2022

350

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жансая Мирамбекқызы цитрустық жеміс ағаштары мен құлпынай өсіруді қолға алды. Ол «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жоба ұсынып, 5 миллион теңгеге дейінгі қаржылай қолдау тапты. 

Жансая Мирамбекқызы Қызылордада цитрустық жемістерді патенттеп, жерсіндіруді бастаған алғашқы кәсіпкерлер қатарында. Осыған дейін өз тәжірибесінде лимонды жерсіндіру мақсатында эксперимент жасап көрген.

 «Ең алдымен жылыжайда құлпынай өсіріп көрдік. Жаңа жеміс түрін егіп көрудегі алғашқы мақсат – жерсіндіру. Оны зерттеп, қала ішінде егіп көрдік те, өсетініне көз жеткіздік. Жылыжайда қажетті технологияны сақтай отырып, әртүрлі өнімдерді өсіріп көруге болады. Температу¬расын, ылғалдылығын бақылап, қажетті дәрумендер мен қорегін уақытылы өз мөлшерімен беріп, заңдылықтарын сақтаса, жақсы нәтиже беруі мүмкін. Әрине, бұрын егілмеген жаңа жеміс түрлерін еккенде, Қызылорда облысының топырағы бойынша тәжірибе болмағандықтан түрлі қиындық кездесті. Алайда, қиындықтың бәрі – тәжірибе, білім. Бүгінгі күні жылыжайда лимон түйнек салып тұр», – деп атап өтті Жансая Мирамбекқызы.

Алдағы уақытта ол цитрустық жеміс ағаштары мен құлпынай көшеттерін өсіріп, жылыжай жабдықтарын алуды жоспарлап отыр.
Жансая Мирамбекқызы – «Биология» мамандығының 4-курс студенті, «Президенттік стипендия» иегері. Жансаяның ата-анасы да аталмыш университеттің жылыжайында жұмыс істеген агрономдар. Бүгінде бұл жоба отбасылық кәсіптің жалғасы болмақ.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика