Сәрсенбі, 27 қараша, 07:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Архив құжаттарының 24 пайызы цифрлық форматқа өткізілген

20.09.2022

462

0

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов облыстық мемлекеттік архивіне барып, мекеменің негізгі қызметімен танысты.

Мемлекеттік архив ақпарат қажеттілігі үшін өте құнды. Әсіресе, түрлі салаларды, сондай-ақ ғылымды дамыту ісіне, жеке адамдардың әлеуметтік-құқықтық сұранысын қанағаттандыруға қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта облыс архивтерінде 800 мыңға жуық істен тұратын 3571 қор сақталуда.
Басқарма басшысы құнды құжаттардың сақталуына, оның адамзат үшін пайдалы деректер базасы болғандықтан барынша жағдай жасау қажеттігіне назар аударып, жұмыстардың маңызына тоқталды.
Ең алдымен Ұлттық архив қорын жинақтау, архивтік құжаттарды пайдалану және жариялау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімдерінің жұмысын көрді.

Бүгінгі күні ең өзекті талаптардың бірі – архив құжаттарын цифрлық форматқа өткізу. Осы кезеңге дейін архив құжаттарының 24 проценті цифрлық форматқа өткізілген, республика бойынша цифрландыру жұмысының орташа көрсеткіші 5,77% құрайды, бұл алдыңғы қатарда екенімізді көрсетеді.

Сондай-ақ, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерімен танысты. Бұл орайда Руслан Рүстемұлы бұл мәселеге аса ыждаһаттылықпен көңіл бөлді. Олай болатыны, архив деректерінен жыл сайын 15 мыңнан аса әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық және генеалогиялық сипаттағы сұраныс орындалады. Бұл көрсеткіштердің өзі архивтің қоғам игілігіне қаншалықты қажеттігін көрсетеді. Мұнда әрбір құжаттың астарында адам тағдыры тұр. Байланыс желісінің артуына орай Қазақстанның өзге аймақтарынан, алыс-жақын шет елдерден сұрау хаттар толассыз түсіп жатады. Әрине, осындай сұраныстардың оң нәтижесі көңілге медеу ұялатады. Себебі жоқ іздегендер тапшы дүниесін тапқанда архив қызметінің мәртебелі екенін ұғындырады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика