Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады?

13.09.2022

328

0

Қазіргі әлемде қаржылық алаяқтықтың көптеген жолдары бар. Ең танымалдарының бірі – вишинг және фишинг. Fingramota.kz негізгі қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

Вишинг
Бұл – азаматтардың шоттарынан қаражат ұрлау мақсатында телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың бір түрі.

Телефон арқылы психологиялық әдістерді, сендіріп-қорқытуды қолдана отырып, алаяқтар сіздің банктік шотыңызға кіру үшін сізден жеке және банктік деректерді алуға тырысады. Сол үшін олар қоңырау шалған нөмірлерді оп-оңай «қолдан жасайды». Бұл, мысалы, банктің колл-орталығының қысқа нөмірі болуы мүмкін – заманауи технологиялар мұны көп күш жұмсамай-ақ жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алаяқтардың өздері басқа қалада немесе тіпті басқа елде болуы да мүмкін.

Сақ болыңыз! Алаяқтар көбіне өздерін банк қызметкерлері, қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметі, коммуналдық қызметтер, құқық қорғау органдары қызметкерлері ретінде таныстырады.

Есте сақтаңыз! Банктер ешқашан төлем карталарының толық деректемелерін, құпиясөздерді және басқа құпия деректі телефон немесе электрондық пошта арқылы сұрамайды және AnyDesk және TeamViewer сияқты түрлі мобильдік қосымшаларды жүктеуді сұрамайды.

Егер сіздің картаңызбен расында қандай да бір проблемалар туындаса, онда банк оны өзі бұғаттай алады және бұл туралы шартта көрсетілген байланыс арнасы бойынша хабарлама жіберуі мүмкін. Қаржы институтының сайтында көрсетілген ресми нөмірлер бойынша банк бөлімшесіне өзіңіз қоңырау шалып, банк қызметкерлерінің хабарламаны расымен жіберген-жібермегенін анықтаған дұрыс.

Фишинг
Онлайн-алаяқтар «балықшылар» сияқты интернеттегі олжасын «қармағына ілуге» тырысады. Олар электрондық хаттарды жібереді немесе ұқсас-сайтқа апаратын сілтемелері бар SMS-хабарламаларды жібереді, онда пайдаланушыларды өздерінің төлем картасының деректерін, сондай-ақ мобильді банкингтің логиндері мен құпиясөздерін енгізуге мәжбүрлейді.

Интернет-қаскөйлер алаяқтық боттар құрып, пайдаланушылармен өзара хат жазысып, олардың сеніміне кіріп, Facebook, Instagram, Telegram-ды қоса алғанда, әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда.

Сақ болыңыз! Алаяқтар діттеген мақсаттарына жету үшін небір қулықтарға барады, олардың көздегені – сіздің дербес және төлем деректеріңізді, яғни ЖСН, төлем картаңыздың немесе шотыңыздың деректерін, SMS-хабарламамен келетін кодты, тіпті сіздің электрондық-цифрлық қолтаңбаңызды білу. Зиянкестердің қолына құпия ақпарат түскен жағдайда карта мен шоттағы барлық қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру, сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер мен жалған кредиттер ресімдеу тәуекелі туындайды.

Есіңізде болсын! Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, күмәнді интернет-ресурстарда тіркелмеңіз! 

Қаржылық алаяқтыққа қарсы жеті қарапайым ереже:

  1. Жеке және банктік деректеріңізді жария етпеңіз. Картаңызды үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  2. Сізге қоңырау шалып, әңгімесін ақша жөнінде өрбітетін бейтаныс адамдарға сенбеңіз, бұл жерде дұрысы – дереу банктің байланыс орталығына қоңырау шалу;
  3. Уәкілеттілігі жоқ дүкендерден телефоныңызға қосымшалар орнатпаңыз және конфиденциалдылық теңшеулерін мұқият қадағалап отырыңыз;
  4. Төлем картасындағы 3D-Secure функциясын өшірмеңіз;
  5. Барлық транзакцияларды көріп отыру үшін мобильді банкингте SMS және push-хабарландыруларды орнатыңыз;
  6. Барлық онлайн-сатып алуларды жалақыға байланыстырылмаған жеке төлем картасының көмегімен және тек тексерілген сайттарда жасаңыз;
  7. Электрондық поштаға және мессенджерлерге жіберілген белгісіз салынған файлдарды ашпаңыз. Өз құрылғыларыңызда лицензияланған вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды ғана қолданыңыз.

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика