Сәрсенбі, 27 қараша, 03:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«AMANAT»: Бақылау комиссиясы мен мониторингтік топ мүшелері дәрі-дәрмек пен азық-түлік бағасына бақылау жасады

25.08.2022

341

0

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен мониторингтік топ мүшелері дәрі-дәрмек пен азық-түлік бағасына бақылау жасады. Сонымен қатар мектеп оқушыларын мектепке дайындауға ата-аналарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған оқу-құралдары мен мектеп формасының жәрмеңке жұмысымен танысты.

Бақылау кезінде дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екені, алайда кейбір дәрілерге тапшылық байқалатыны анықталды. Бұл бағытта дәріхана иелері мен жауапты орындарға арнайы ұсыныстар берілетін болды.

Азық-түлік бағасы әзірге тұрақты сақталуда. Ал, оқушыларға қажетті керек оқу-құралдары базар маңында «Қорқыт» сауда үйі жанына арнайы қойылған жәрмеңкелерде қолжетімді және тұрақты бағада сатылып жатыр.

Атап өту керек, аталған жәрмеңкелер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын жаңа оқу жылына даярлауға көмектесу мақсатында партия бастамасымен қолға алынған «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясы аясында жергілікті әкімшілік және кәсіпкерлермен болған келісім аясында ұйымдастырылуда. Бүгінде сатушы кәсіпкерлерге де, сатып алушыларға тиімді болып отыр.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика