Сәрсенбі, 27 қараша, 03:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Берлин сахнасын жырға бөлеген Сырдың – Ұлжаны

25.08.2022

402

0

Қармақшы ауданынан шыққан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы Ұлжан Байбосынова Берлин қаласында өнер көрсетті. Қазақтың талантты өнер иесіне жергілікті халық алғысын білдірді.

Сыр бойының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет Орденінің иегері, Франция мемлекеттік өнері мен әдебиетінің кавалері орденінің иегері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, филология ғылымдарының кандидаты, жыршы – Ұлжан Байбосынова тамыз айының 19-20 жұлдызында Берлин сарайының алаңында және «Пантопия» Халықаралық музыка фестивалінде екі күн бойы жеке концертін өткізді.

Екі күнде төрт жеке концертін өткізіп, Сыр бойы жыраулық-жыршылық өнерінің мұрасын тағы бір әлем жұртшылығына паш етті.

«Пантопия» – грек тілінен аударғанда – «Всемогушество» яғни «Құдіреттілік» деген ұғымды береді екен.
Шын мәнінде Сыр бойының жыраулық өнерінің құдіреттілігін Ұлжан әлем сахнасында тағы бір дәлелдеді.

Ұлжанның Сыр бойы жыраулық өнерін дәріптеп, әлем сахналарында кеңінен насихаттау жолында атқарып жүрген еңбегі ұшан-теңіз.

Ұлжанға ел халқының атынан өнердің өресін өсіріп, әлем жұртшылығына ұлттық мұрамызды ұлықтай бер деген тілек білдіреміз!

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика