Сәрсенбі, 27 қараша, 00:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Заңсыз алынған және пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс

18.08.2022

375

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылым жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын.

Осыған орай «AMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, комиссия жұмысының нәтижесінде бүгінде мемлекет меншігіне еліміз бойынша 293,2 мың гектар жайылым жер қайтарылды.

Осы бағыттарды жұмыстарды жетілдіру мақсатында партияның облыстық филиалы жанынан құрамы тиісті сала мамандарын, қоғам белсенділерін қамтитын «Жер аманаты» аймақтық комиссиясы құрылған болатын. Бүгін аталмыш комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жалпы өңірде елді мекендердің жайылымдармен қамтамасыз етілуі жағдайына талдау жасау, ұтымсыз пайдаланудағы жайылымдарды анықтау, оларды мемлекет меншігіне қайтарып алу жұмыстары тұрақты жүруде. Әр ауылдық округ бойынша жайылымның барына талдау жасалып, әр елді мекенде мал жайылымының жерлері белгіленген.

Жиын барысында сондай-ақ партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Шиелі ауданынан түскен жер дауына қатысты арыз бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, күн тәртібіндегі мәселеге орай түрлі ұсыныстар ортаға салынды. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта «Жер аманаты» республикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.

Атап өтейік комиссияның мақсаты – пайдаланылмай жатқан, оның ішінде заңсыз жеке меншікке өткен жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды ауыл тұрғындарына ұсыну, әділ үлестіру.

Ақпарат үшін: «Жер аманаты» комиссиясының жер мәселелері жөніндегі «Жедел желісі» телефоны 8 800 080 44 41,өтінімдер WhatsApp арқылы да + 77008004441 нөмірі бойынша қабылданады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика