Сейсенбі, 26 қараша, 23:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Қауіпсіз жол» шарасында 36 мас жүргізуші ұсталды

15.08.2022

359

0

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға бағытталған бірқатар рейдтік шаралары өткізілуде.

Белгілі болғандай, шара барысында барлығы 3347 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігі бойынша (жалған немесе кернеу м/б тағып к/қ басқарудың)-4, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 7 бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың) – 141, ҚР ӘҚБтК-нің 596.3-бабы бойынша (қозғалыстың қарсы жолағына шығудың) – 23, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтудің) – 33, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) –162, ҚР ӘҚБтК-нің 606 – бабы бойынша (авариялық жағдай туындату) – 50, ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабы бойынша (көлік құралын мас күйде басқару) – 36, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша (жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы) – 180 деректері анықталды.

Сонымен қатар, 492 автокөлік айып тұрағына қойылса, 588 автокөліктің мемлекеттік белгісі шешілді.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы тамыз айының 18-не дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика