Сенбі, 23 қараша, 01:39

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Бәйтеректе» жаңа су жинағыш құрылғының құрылысы бастау алды

12.08.2022

395

0

Енді «Бәйтерек» шағын ауданының тұрғындары су тапшылығы мәселесіне алаңдамайды. Себебі, бүгін «Бәйтеректе» жаңа су жинағыш құрылғы құрылысын бастау рәсімі өтті.

Құны 1 млрд. теңгеден астам жоба «Бәйтерек» тұрғын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлерді тұрақты қысымда сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында 7 дана ұңғыма бұрғыланып, 3 дана резервуар салынатын болады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс басына барып, тұрғындардың қуанышымен құттықтады.

«Біз әрдайым жерлестеріміздің талап-тілектерін, ұсыныстарын ескеруге дайынбыз. Облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бастап, халықпен кездескен әр сәтте аймақта заманауи сәулеттік үлгідегі жаңа нысандарды салуға уәде еттік. Туған жердің дамуына шынайы жанашырлықпен қарайтын меценат азаматтарды ортақ іске біріктіріп, құны 45 млрд. теңгені құрайтын, 391 нысанға жоба әзірледік. Келесі жылдан бастап бұл жобалар іске аса бастайды. Аз уақыттың ішінде, өңірге 20 млрд.теңге инвестиция тартылды. Осы игілікті істердің нәтижесінде бүгін бірнеше нысанның іргетасын қалау рәсіміне жерлестеріміз куә болды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Еске салсақ, құрылысшылар күнінде қызылордалықтар үшін 3 нысанның іргетасы қаланды. Сондай-ақ, бірнеше елді мекенге газ тарату желілері орнатылды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика