Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Лондонда еліміздің Тәуелсіздік күні тойланды

Лондонда еліміздің Тәуелсіздік күні тойланды

Ұлыбританияда ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай ресми қабылдау өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар Қазақстанның дамуы мен Астананың геосаяси және экономикалық мәселелерді шешудегі табысты рөліне жоғары баға берді.
Қазақ киіз үйі және оның жабдықтары, Астанаға 3D саяхат, ұлттық ас мәзірі, этнокиім киген алып батырлар, шотланд волынкасында ойналған «Қамажай» және домбырамен шертілген дәстүрлі Рождество әні Jingle Bells. Бұл ресми қабылдауда қонақтарды күткен тосын сыйлардың толық тізімі емес. Өткен жылды қорытындылай отырып, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Қазақстан-Британия қарым-қатынасының дұрыс бағытта дамып жатқандығын атап өтті. Салтанатты қабылдауға саяси, академиялық, мәдени және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Боб Стюарт, Британ парламенті қауымдар палатасының депутаты:
- Қазақстан Азия мен Еуропа ортасындағы маңызды мемлекетке айналды. Бұл, ханымдар мен мырзалар, үлкен жетістік. Және Президент Назарбаевтың басшылығы арқасында қол жеткізілді. Ол елін гүлдендіріп, демократиялық және ірі мемлекетке айналдыру үшін барын салды.
Қабылдау 17-18 ғасырларда британиялық корольдердің ресми резиденциясы ретінде пайдаланылған және бүгінгі күнге дейін сақталған жалғыз сарайда өтті. Мұнда «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аймағы» халықаралық көрмесі мен «Астана – Еуразия жүрегі» және «Беймәлім Қазақстан» атты фотокөрмелерге арнайы орын бөлінді.
Джонатан Айткен, Ұлыбританияның қоғам қайраткері:
- 1991 жылы тәуелсіздіктеріңіз жарияланған уақытта мен министр болатынмын. Барлығымыз да қуанғанымыз рас. 27 жыл өткен соң да одан әрі тұрақты әрі гүлденген мемлекетке айнала берулеріңізді тілеймін.
Қазақ салт-дәстүріне сәйкес шетелдік қонақтар үйлеріне Қазақстанда жасалған кәмпит пен Алматы апорты бар сарқытпен қайтты.

13 желтоқсан 2018 ж. 197 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области