Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮРКІМЕНСТАН КӨЛІККЕ ТҰМАР ТАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ

ТҮРКІМЕНСТАН КӨЛІККЕ ТҰМАР ТАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ


Қазан айының соңынан Ашхабад полициясы автокөлік ішінде тұмар ілген жүргізушілерді жазалай бастады деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі rus.azathabar.com сайтына сілтеме жасап.
Жаңа тәртіпке сәйкес машина ішіне ойыншықтар, жазу жазылған заттар, түйе жүнінен жасалған «алажа» атты жіпті де ілуге болмайды. Тәртіп бұзған жүргізушіге 50 манат айыппұл салынады және ілінген заттарды алып тастау талап етіледі
«Жексенбі күні мен жол полициясының қызметкері тоқтатып, көз тигеннен сақтайтын тұмарды және артқы орындықтан жұмсақ ойыншықты алып тастауды талап етті. Полиция қызметкері енді мұндай заттарды, олармен қатар «Алла сақтай гөр» деген жазуларды да ілуге болмайтынын айтып, маған 50 манат айыппұл жазып берді» деген ашхабадтық шопыр басылымға берген сұхбатында.
Жүргізушілердің айтуынша, полиция қызметкерлері мұндай нәрселерді ілуге тыйым салу және ол орындалмаса айыппұл салу туралы айтылған құжатты көрсетпейді. Кей полицейлердің айтуынша, тұмар сияқты заттар жол қозғалысына қауіп төндіреді.
«Жол полициясы қызметкерлері сөзіне қарағанда, бұл заттар автокөлікпен бірге зауыттан шықпаған, сол себепті жүргізуші мен қатар өтіп бара шопырдың назарын аударады. Бұл жол оқиғаларына себеп болады» деген жүргізушілердің бірі.
01 қараша 2017 ж. 719 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области