Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АНТАРКТИДА ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОРЫҒЫНА АЙНАЛУЫ МҮМКІН

АНТАРКТИДА ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОРЫҒЫНА АЙНАЛУЫ МҮМКІН


    Антарктидада қорық ашылуы мүмкін. Мұндай бастаманы «Гринпис» ұйымы көтерді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
    Қорықтың көлемі екі миллион шаршы шақырым аумақты қамтиды. Егер бастама қолдау тауып, жүзеге асатын болса, бұл жер жабайы жануарларға қорған болатын әлемдегі ең үлкен қорыққа айналады. Қазір ғалымдар аймақтың экологиялық ахуалын зерттеуге кіріскен. Олар жаһандық жылынудың Антарктидаға әсері қандай, ластану деңгейі қаншалықты жылдам және тылсым табиғаттың үйлесімділігін бақылауға кіріскен.
    Ал қорық құру туралы жоба Еуропалық одақтың қарауына ұсынылды. Ол қазан айында Аустрияда өтетін конференцияда талқыланбақ. Қазірдің өзінде Германия үкіметі қолдау білдіріп отыр.

19 ақпан 2018 ж. 377 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области