Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ АЗАЙЫП ҚАЛДЫ

ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ АЗАЙЫП ҚАЛДЫ


    Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы, үкімет өкілдері, вице-премьерлер мен министрлердің, сондай-ақ Бас прокурор, Тергеу комитеті және Орталық сайлау комиссиясы басшысының жалақысын 10 пайызға азайту туралы жарлығын бір жылға ұзартты деп хабарлайды РБК агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
     «Garant.ru» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, ресейлік шенеуніктердің жалақысын төмендету туралы жарлық 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
    Сонымен қатар, президент әкімшілігінің, Есеп палатасы мен Үкімет аппараты қызметкерлері жалақыларының 10% -ға төмендеуі туралы ереже кеңейтілді.
    Путин өзінің және бірнеше басқа лауазымды тұлғалардың айлығын қысқарту туралы бірінші жарлыққа 2015 жылдың ақпанында қол қойған болатын.
    Бұл құжат 2015 жылдың соңына дейін күшінде болды, содан кейін жалақыны төмендету мерзімі 2016 және 2017 жылдары ұзартылды.
    Ресми декларацияға сәйкес, Путиннің жалақысы 2016 жылы 8 миллион 858 мың 432 рубль, яғни 33 мың рубльді құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз.
    Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің жалпы кірісі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 8,587 млн.рубльді құрады.

20 қазан 2017 ж. 576 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области