Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада IV ғасырға жататын домбыраға ұқсас аспап табылды

Қызылордада IV ғасырға жататын домбыраға ұқсас аспап табылды

Қызылордалық археолог Әзілхан Тәжекеев Сыр өңіріндегі Жетіасар қалашығынан кезінде табылған қазақтың музыкалық аспабы – домбыраға ұқсайтын көне жәдігер туралы жария етті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Бүгінгі таңда сол киелі мекендерді ғалымдар тарапынан зерттеліп келеді. Мұндай ғылыми зерттеулер Кеңес одағы тұсында да жасалды. Дегенмен, онда жасалған кейбір жұмыстар жұртшылық назарынан тыс қалып қойды.
«1973 жылы Қызылорда облысы аумағында Хорезм экспедициясы арнайы зерттеу шараларын жүргізді. Сол жұмыстар барысында Жетіасап қалашығында да қажетті іс-шаралар атқарылды. Аталған шара барысында домбыраға ұқсайтын дүние көзге түскен. Мен бұл жайында былтыр білдім. Архивте қажетті мәліметтерге көз салып отырған сәтте домбыраға ұқсайтын дүние назарымды ерекше аударды. Аспапта қасқырдың суреті ойылып салынған. Қазақ шертер мен домбыраның қосындысын қоссаз деп атайды. Табылған аспаптың ұзындығы 65 сантиметрге жуық. Демек, бұл аспап қоссаз домбыра болуы мүмкін және оның ежелгі түрлері болғанын дәлелдейді. Аспап біздің замандағы төртінші ғасырға жатады. Егер осы деректі нақтылай алсақ, Сыр өңірінде домбыраның ежелгі нұсқасы табылды деген сөз. Оны бабадомбыра атауға негіз бар», – деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ Қазақстан тарихы кафедрасыныӊ аға оқытушысы, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығыныӊ жетекшісі, PhD докторанты Әзілхан Тәжекеев.
04 наурыз 2019 ж. 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области