Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҰРАЖАЙДА 200 ЖЫЛДЫҚ “ӨМІР СҮРУДЕ”

МҰРАЖАЙДА 200 ЖЫЛДЫҚ “ӨМІР СҮРУДЕ”


Қызылорда қаласының бас қақпасы теміржол вокзалына іргелес облыстың тарихи өлкетану мұражайының филиалы Ақмешіт музейі орналасқан. Бұл ғимарат қала Перовск аталған заманда бой көтеріп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Ғимарат теміржол вокзалымен қатар 1905 жылы салынған.
Мемлекет қорғауындағы музей ғасырдан астам уақыттан бері қаланың ыстық-суығына шыдас беріп келеді. 110 жылдан астам тарихы бар бұл мұражайда қаланың 200 жылдығы “өмір сүруде”.
Уақыт өтіп тарихқа айналған дүниелерді “өлтірмейтін” орын мұражай екені белгілі. Ал ондағы қызметкерлердің келушілерге айтар тарихи мағлұматтары өте көп.
“Ақмешіт” мұражайының меңгерушісі Кенжегүл Ахметова біраз жылдан бері осы музейде қызмет атқарып келеді. Меңгерушінің қала тарихы жайында айта бастағанда осыдан екі ғасыр бұрынғы дәуір көз алдыңа келгендей әсер аласың. Сонымен Кенжегүл Ахметованың мұражайдың кейбір экспонаттарына қатысты айтқан әңгімелерін назарға ұсынамыз.
Музейдің қабырғаларында ілінген графикалық суреттерде дарияның жағасында қамыс пен саз балшықтан салынған “Ақмешіт” бекінісінің сыртқы бейнесі бейнеленген. Суретте көргеніміздей, бекіністің айналасында орлар қазылып, ол суға толтырылған. Бұл тәсіл бекіністі сыртқы жаудан қорғау мақсатында жасалған.
Кенжегүл Ахметованың айтуынша, “Ақмешіт” бекінісінің ішінде тұщы суы бар үш құдық болған. Сонымен қатар мұнда екі мешіт жұмыс жасаса, соның бірі қазіргі күні қаладағы “Айтбай” мешіті. Ол ғимараттың іргесі 1878 жылы қаланған. Сондай-ақ мешіттердің мұнаралары ақ болғандықтан бекіністің атауы да “Ақмешіт” аталған екен.
Төрт жүзге жуық қазақ өмір сүрген бекіністі жаудан қорғау мақсатында мықты темір қақпа орнатылған және темір тісті қорғаныштары болған. Мұны қоқандықтар тұрғызған.
Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар тарихи ғимарат, қазіргі таңда “Аль-Асад” сауда үйі бір кездері баспахана болғанын айтып өткен мұражай меңгерушісі бір кездері онда орыс мектебі және тігін шеберханасы жұмыс жасағанын да айтты. Сонымен қатар Қызылорданың Перовск уезі болған уақыттарына да тоқталып өтті.
- “Ақмешіт” бекінісі өз заманында ең ірі бекіністердің бірі болған. 1853 жылы орыстың генерал-губернаторы Василий Перовский өз орыс әскерін бекініске жіберіп, сол арқылы бекіністі 5 жыл бақылауда ұстайды. Сөйтіп 1857 жылы “Ақмешітті” басып алады. Әу бастан бекініске қызыққан генерал-губернатор мұнан кейін бекініске өз атын беріп Ақмешіт “Перовск” форты болады. Форт болған соң онда өзінің шаруашылығы жұмыс жасай бастайды, - деді Кенжегүл Ахметова.
Алпыс жалдан астам орыс губернаторының есімімен аталып келген Сыр бойының бас қаласы 1920 жылы қайта Ақмешіт болып аталғаны әмбеге аян. Сол уақыттарда Ақмешіттің Ұлы Жібек жолының бойында орналасқаны бар, оған қоса, “Орынбор-Ташкент” теміржолының салынуы да мұнда сауда-саттық пен өнеркәсіптің қарқынды дамуына ықпалын тигізген.
Графикалық суреттерді “сөйлете” білген мұражай меңгерушісі мұнан кейін музей қорындағы заттарды таныстырды.
Қызылорда ел астанасы болған уақытта қазақтың көптеген қоғам қайраткерлері Орынбордан осында қоныс аударғаны белгілі. Сол уақытта ағартушы Ахмет Байтұрсынов ағарту ісіндегі әліпбиін қазіргі “Аль-Асад” сауда үйі ғимаратында, яғни ғимарат баспахана болған уақытта басып шығарған. Ағартушының оқушыларға арналған бұл оқу құралының түпнұсқасы қазіргі таңда “Ақмешіт” мұражайында сақтаулы.



31 қазан 2018 ж. 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области