Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРЫҚБАЛЫҚ ШАЙҚАСЫ (1857)

АРЫҚБАЛЫҚ ШАЙҚАСЫ (1857)


Тарихшы Б.Ахметбектің «Сыр бойындағы тарихи шайқастар» тақырыбындағы мақаласынан Сығанақ шайқасы (1219 ж), Қарақұм  құрылтайы (1710 ж), Жауғаш шайқасы (1725 ж), Ақирек шайқасы (1836 ж) және Ақмешіт түбіндегі шайқас (1853) атты мақалалар сериясын қалың оқырманға ұсынған едік. Енді бүгін Арықбалық шайқасы жайында айтпақпыз.
Өткен ғасырлар қойнауында қазақ халқының көрмеген азабы, шекпеген қасіреті жоқ. Соның бірі тарихта «Арықбалық шайқасы» деген атпен қалған көтеріліс еді.
«Әрбір өлкенің халқына қорған, ыстығына сая, суығына пана болған баһадүр бабалары бар. Олардың есімін ұрпақтары ұмытпауға тиісті» деген Елбасы пікірі көкірегі ояу әрбір адамға ой салары анық.
Қазалы бекінісі түбінде орыс патшасының озбырлығына қарсы Жанқожа батыр (1774-1860) бастаған көтеріліске 7 мыңдай адам қатысқан. Ақтық шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Фитингоф бастаған жазалаушы әскермен Арықбалық жерінде өткен.
Бұл шайқаста қазақ сарбаздары орасан ерлік көрсетеді. Дегенмен, елі үшін басын бәйгеге тіккен Жанқожа батыр бастаған көтеріліс жеңіліс табады. Орыс әскерінін зеңбіректері жеңісті генерал Фитингофтқа алып береді.
Орайлы тұста айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылында қазақ қоғамындағы ірі бас көтерулердің бірі, Арықбалық шайқасының 160 жылдығына арналған ауқымды шара өтті. Арықбалық шайқасындағы Жанқожа батыр бастаған сарбаздардың ерлігін дәріптеу,  өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, өткен тарихымызды қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған шара аясында танымдық конференция өтіп, ғалымдар баяндама жасады. Есімі, атақ-даңқы исі қазаққа мәлім батыр һәм әулие Жанқожа Нұрмұхамедұлы бабамыз жайлы қызықты деректер айтылды.
Елі үшін басын бәйгеге тігіп, сол жолда шейіт кеткен саңлақ сардардың жарқын бейнесі ешқашан ұмтылмайды.
21 қыркүйек 2018 ж. 2 011 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области