Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КИЕЛІ ӨҢІРДЕГІ КӨНЕ ҚАЛАЛАР (СОРЛЫАСАР ҚАЛАШЫҒЫ)

КИЕЛІ ӨҢІРДЕГІ КӨНЕ ҚАЛАЛАР (СОРЛЫАСАР ҚАЛАШЫҒЫ)


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін атап көрсеткен болатын. Ұзаған жылдың мәресінде осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалғаны мәлім.
Айта кетейік, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі бойынша Қызылорда облысы көлеміндегі 12 тарихи-мәдени ескерткіш «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енсе, тағы 35 нысан «Өңірлік қасиетті нысандар» кітаптарына жүктелді.
Осы орайда Жалағаш ауданы аумағында ежелгі қалашықтар мен мәдение-ескерткіштер көптеп кездесетнін айта кетейік. Олардың арасында жаопы жұртшылыққа танымал орындармен бірге тарихи дәуірі, сондай-ақ атқарған қызметіне байланысты маңызды болғанмен, танымалдығы жоғары емес нысандар да бар. Мысалы, олардың қатарына көне асар төбелер жатқызуға болады.
Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін осы асар төбелер туралы айтпақпыз.

СОРЛЫАСАР ҚАЛАШЫҒЫ
Бұл қалашық Жала5аш ауданы Бұқарбай батыр ауылының оңтүстік-шығысында шамамен 3 шақырым жерде орналасқан.
Сорлыасар деген атауды сол маңайдың топырағының (сор, сортаң) түріне қарап жергілікті тұрғындар қойған. Көнекөз қариялардың айтуынша, ертеректе, жаугершілік заманда сол жердің топырағын мылтыққа дәрі жасау үшін пайдаланған екен.
Қаланың топографиялық құрылымы дұрыс емес көпбұрышты болып келген. Айнала бұрыштарында күзет мұнаралары бар (қазіргі таңда мұнаралардың пішіні сақталмаған) бекініс дуалымен қоршалған. Дуалдың өлшемі шамамен 800х500 метр болса, ені – 3-4 метр.
Қорған ішіндегі бекіністің құландысы екі қабаттан тұрады. Астыңғы қабаты домалақ пішінді, ал жоғарғы қабаттың жалпы пішіні созылыңқы-төртбұрышты болып келген.
Казіргі уақытта қаланы айнала қоршаған қорғанның қабырғалары мүжіліп, бұзылыған. Қаланың негізгі қақпалары қорғанның оңтүстік және солтүстік-батыс және шығыс жақтарында орналасыпты.
Айта кетейік, қала орнын 1962 жылы Хорезм археология – этнографиялық экспедициясы (ХАЭЭ) археологиялық барлау жұмыстарын жүргізгенімен қазба жұмыстары қолға алынбаған.
2006 жылы қалашық орнын Ж.Құрманқұлов басқарған ШРАЭ зерттеп, географиялық координаттарын анықтаған.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Жалағаш ауданы
20 қыркүйек 2018 ж. 890 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области