Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҚШЫ АТА МАЗАРАТЫНДАҒЫ ЖЕТІ ӘУЛИЕ (ҚЫШ АТА)

ОҚШЫ АТА МАЗАРАТЫНДАҒЫ ЖЕТІ ӘУЛИЕ (ҚЫШ АТА)


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болатынын, оны сол халықтың әрбір азаматы білетінін ерекше атап өтті.
Бұған қоса, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екенін назарға алды.
Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше екенін айттық. Бір ғажабы, бұл өлкеде 3 үлкен зиярат кешендері болған. Бүгінгі тілмен айтқанда пантеондар. Солардың бірі – Шиелі ауданындағы «Оқшы ата» мазараты. Тарихы тереңнен сыр шертетін киелі орындарында қазақтың әулиелері мен сөзге шешен би-датқалары мәңгілікке дамыл тапқан.
Сол себепті де оны жергілікті халық әулиелер ордасы деп те атайды. Кейбір тарихшы-ғалымдарымыздың «Оқшы ата» мазараты Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынып, сол жерге қазақтың белгілі тұлғаларын жерлей бастағанға дейінгі уақытта Сыр бойы халқының игі жақсыларын – көсемдері мен әулиелерін, батырлары мен шешендерін жерлеген қорым (пантеон) болды деген пікірінің жаны бар.
Белгілі шығыстанушы, түрколог-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев атап көрсеткендей, ХІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауидің даңқты кесенесін Ақсақ Темір салғанға дейін осы Оқшы Ата жері ежелгі Тұранның, оғыздар мен түркі қыпшақтарының игі көсемдерін, әулие көрегендерін, батырлары мен шешендерін жерлеген қорымы болған екен.
Сонымен «Оқшы ата» мазаратында 7 әулие байыз тапқан дедік. Олар – Оқшы ата, Асан ата, Ғайып (Қайып) ата, Қыш ата, Кітап ата, Қабыл ата және Есабыз әулие. Біз бұған дейін Оқшы ата, Асан ата және Ғайып ата кесенесі туралы айтқанбыз. Бүгін Қыш атаға тоқталамыз.
Мазаратта жерленген өзге әулиелерге қарағанда Қыш ата мен Ғайып атан кесенесінің тарихы тереңде. Әулиеге баланған тағы бір кісі – осы Қыш ата. Өкінішке қарай, оның да өмірде сүрген кезеңі белгісіз. Асқан ісмерлігіне байланысты Қыш ата аталып, өз есімі ұмытылса керек.
Ел аузындағы аңыз атаның қолынан шыққан күйдірме кірпіштер Сайрам, Иассы, Сауран, Фараб, Исфиджаб, Құмкент, Сүткент, Сығанақ, Өзгент, Жент, Баршынкент, Бестам секілді осы атыраптағы шаһарларға тасылып тұрған дейді.
Соған қарағанда моңғол шапқыншылығына дейін, тіпті оғыз-қыпшақ заманында өмір сүрген деп пайымдауға болады. Бұл кісінің кесенесінде күмбез жоқ, бірақ, түп қатарлары жақсы сақталған.
Баба бейіті 1997 жылы тамыз айында ас беру қарсаңында жөнге келтірілді.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 362 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области