Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҚШЫ АТА ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

ОҚШЫ АТА ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР


Сыр бойы ежелден сырға бай қоныс. Иә, Сыр елі көне ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұралар мекені.
Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше. Сырдарияның бойы ежелгі заманнан бастап сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі. Бұл топырақта бағзыдан бағы жетіп, базары қызған 40-қа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған «Ұлы Жібек жолының» арналы абағы сайрап жатыр. Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді. Мұнда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі тарихи тұлғалар ғұмыр кешкен. Әлі күнге дейін зерттелмегендері қаншама десеңші?!
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз», - деді. Бұған қоса, «Туған жердің тарихын, тау-тасын, өзен-көлін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс» деп атап өтті.
Біз жалпақ жұртқа танымал тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» картасына облыстан енген 12 нысанның бірі Оқшы ата мазаратына арнайы тоқталамыз.
Оқшы ата кесенесі көне заманнан бері келе жатқан тарихи құндылықтардың бірі. Кесененің орналасқан жері — Қызылорда өңірінің Шиелі аймағы. Көлемі жағынан шағын. Архитектурасы ІX-X ғасырдан басталады. Оқшы ата туралы ел арасында аңыз-әңгімелер кең тараған.
Мазардың аты «Оқшы ата» аталғандықтан, сөзімізді Оқшыдан бастайық. Бір деректер оның шығу тегін оғыздармен байланыстырса, екінші біреулері оны дүрбін – ойратқа (қалмақ – жоңғар) қарсы соғысқан батыр сарбаз деседі. Ал, тағы бір деректер Сыр бойына мұсылмандықты әкелген Ысқақ бабтың ұрпағы дегенді айтып, Оқшыны қыпшақтарға ислам ілімін таратушылар қатарына, Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттеріне қосады. Оның аты Ыбрахым, ал, енді бір деректерде Көгентүп деп те аталады.
Оқшы туралы тиянақты болжамды әйгілі шығыстанушы, түрколог ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев айтты.
«X ғасырда Сыр бойындағы Жанкент және Жент қалалары баят, қият, қыпшақ, салор, баяндүр, қайы, шәуілдір, бешене (печенег), қынық сынды 24 тайпадан тұратын оғыздар (түркімендер) билігінде болыпты. Ә.Қоңыратбаев Ақсақ оғыз (Теріс Ұзамыш) баласы Оқшы Бестамды басқарып, Қазан (Хасан, Асан) ханның әскеріне қару-жарақ әзірлеп берген. Сол жерден Бестам зауыты табылды.
Қазан мен Оқшы 1043 жылғы соғыста өлсе керек. Бұл екеуінің сүйегін ел Бестам жеріне қойған. Оны Оқшы ата қорымы дейміз», - деп ой түйеді ғалым.
Сондай-ақ, ғалым Оқшы Атаның өмірден 1043 жылы өткендігін және өзінің аты берілген мазаратта жерленгендігі туралы қорытынды жасайды. «Қорқыт Ата» кітабының негізгі кейіпкері болуы Оқшы атаның тарихта бар тұлға екендігін көрсетеді.
Мазар басы – Оқшы ата туралы деректер осылай дейді, Оқшы Х-ХІ ғасырлардағы оғыз заманының, Қазан ханның батыры әрі Бестамның қару жасаушы ұстасы.
Мұндағы Асан ата мазараты туралы алдағы мақалада баяндаймыз.
17 қыркүйек 2018 ж. 2 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области