Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ

СЫРДЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынанда «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп ұлттық кодқа айрықша назар аударады. Ендеше қазақ халқын тәрбиелеп келе жатқан, елдікке ұйытып отырған озық дәстүрін дамытуды жалғастыра беруіміз керек. Бойдағы асыл қасиетіміздің бірі – өзгенің ала жібін аттамау!
Ежелгі Сыр өңірі – көне дәуір көзі, мәңгі өшпеш те өлмес мұраларының асыл көмбесі. Қызылорда жерінде білімді, қабілетті басшы болған, халықты ұйымдастыра білген, бүкіл елдің құрметі мен алғысына бөленген, абыройлы еңбек еткен аудан, облыс басшылары аз емес. Олардың ішінен ерекше азаматтық, парасатты қасиеттерімен ел есіне сақталған, қадір-құрмет тұтып дәріптеуге тұратын аға ұрпақтың бірі – Исатай Әбдікәрімов.
Сыр өңірінде туып-өскен, Қызылорда облысының бірнеше ауданын, облысын және еліміздің Жоғарғы Кеңесін басқарған, көп адамның маңдайына біте бермейтін асыл қасиет – тектілік пен жан тазалығын өмір бойы серік еткен, сүрінгенді сүйеп, демеу берген, көптің алғысын арқалаған үлкен жүректің иесі – Исатай Әбдікәрімов.
Соңында өшпес із қалдырған ел азаматы 1923 жылы 15 мамырда Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында дүниеге келді. Киелі топырақта дүниеге келген Исатай жастайынан тірлік талқысын көп көріп, өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңды, еңбек пен бейнеттіде, қуғын-сүргінді де, қиянатты да, нардың белін қайыстыратын қайғы-қасіретті де көрді. Ол 1952 жылы Қызылордадағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтын, 1954 жылы КПСС Орталық комитетінің Жоғары партия мектебін, 1962 жылы Қызылорда гидротехникумын бітірген. 1935-1940 жылдары ауылшаруашылық техникумында, ауылшаруашылығы институтында оқыды. Өзінің еңбек жолын 1940 жылы Жаңақорған аудандық «Екпінді» газеті редакциясының әдеби қызметкері болып бастады.
Ұлы Отан соғысынан от кешіп оралған Исатай Әбдікәрімов майданнан кейін ел тұрмысын түзеу жолында аянбай еңбек етті. Ол Шиелі, Қармақшы, Жалағаш аудандарын басқарып, шаруашылықтың сан саласында шыңдалды. Облыстық партия комитетіне басшылық жасап, кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болып тағайындалды. Қай қызметте жүрсе де, өзінің қайраткерлік қабілетін көрсете білді.
Расында И.Әбдікәрімов облысты басқарған жылдары Сыр өңірі егіншіліктен экономикасы ілгерілеген аймаққа айналды. Осы кезеңде аймақта өнеркәсіп қарқынды дамыды. Тоқылмайтын маталар фабрикасы мен күріш шаруашылығы машиналарын жасау зауыттары ашылды.
"Бақ пен тақ таласқанға бұйырмайды, халықтық іске жарасқанға бұйырады” деп Елбасы айтқандай, үлкен жүрек пен терең ақыл-ойдың иесі, білікті басшы И.Әбдікәрімов кейінгі ұрпақ үшін, Сыр өңірі үшін көптеген игілікті істер атқарды. Халықтың мәдени-рухани дамуы мен саяси-қоғамдық өміріне өлшеусіз еңбек сіңірді. Барлық уақытта елімен бірге болды, халықтың қадірін білді, сүйікті ұлына айналды. Және мәңгі ел жадында қала бермек.
17 қыркүйек 2018 ж. 737 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области