Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҰҚАРБАЙ БАТЫР

БҰҚАРБАЙ БАТЫР


Бұқарбай Естекбайұлының даңқы тек Сыр өңірінде ғана емес, тұтас қазақ сахарасына өшпес ерлігімен танымал. XIX ғасырда патша отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізген Кенесары хан мен оның қасында бірге болған, елге, халыққа белгілі адамдар көп еді. Солардың бірі – Кенесары туралы деректерде жиі айтылатын халық батыры Бұқарбай Естекбайұлы.
Бұқарбай Естекбайұлы 1812 жылы қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Шыққан тегі – Кіші жүздің Табын тайпасынан. Оның ішінде – Теке, одан Атанша болып тарайды. Атаншаның баласы Құдайсүгірден батырдың әкесі Естекбай туған.
Жайтайынан ел қорғау жорықтарына қатысып, шыңдалып өскен Бұқарбай батыр ержүректілігімен көзге түседі. Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысып, 1847 жылға дейін көрнекті батырлардың қатарында аталады. Ол 1839 жылы тамызда Ақмола бекінісін алуға қатысты.
1850 жылы Бұқарбайдың жасағы Қазалы, Арал, Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, қазақ-орыстар мен қоқандықтарды жеңді. Орыс тіліндегі деректерге қарағанда, Бұқарбай осы шайқастардың бірінде ауыр жараланып еліне қайтқан соң бейбіт еңбекпен айналысқан. Егін егіп, 1854 жылы Сырдария сағасынан күні бүгінге дейін ұрпақтары пайдаланатын «Бұқарбай арығын» (ұзындығы 25-30 км) қаздырған. Талайды көріп, ұзақ өмір сүрген батыр өз туған жерінде қартайып 1898 жылы дүние салды.
Батырдың 8 баласы болған. Бәйбішесі Шынардан туған Көтібар, Алданазар, Зылиқадан тараған үрім-бұтағы бүгінде батырдың өзі туып-өскен ата жұртта өмір сүруде. Олардың қолында батыр бабаларының есімі жазылған күміс мөрі мен шашақты туы, т.б. зат-мүліктері сақталған.
Бұқарбай батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұраларында, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулерінде, жазушы І.Есеберлиннің «Қаһар» романында, жергілікті зерттеуші Қ.Бердәулетовтың «Бұқарбай батыр» кітабында көрініс тапқан.
11 қыркүйек 2018 ж. 2 570 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области