Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: ҒАНИБАЙ МЕШІТІ (қалалық кітапхана)

ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: ҒАНИБАЙ МЕШІТІ (қалалық кітапхана)


«Рухани жаңғыру» саласы бойынша берілген Елбасы тапсырмалары бүкіл еліміз бойынша жедел орындалып жатыр. Осы ретте Қазалы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы қызықты мәліметтерді, яғни тарихи нысандардың салыну тарихын «Қазалы жауһарлары» айдарымен назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге арналған. Соның бірі – еліміздің киелі де, қасиетті орындарын құрметтеу. Олардың тарихы мен тағылымын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру. «Тарихыңды білмей, болашағыңды болжай алмайсың» деген бабалар сөзі бар.
Бүгін біз тақырыпқа тамызық етіп отырған Ғанибай мешіті ХІХ ғасырда салынған. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласының ескі бөлігінде орналасқан.
Тарихы маңызы бар бұл нысанды «Казпроектреставрация» институты 1980 жылы еспке алып, құжаттарын дайындаған. Қазалы қаласындағы республикалық маңызы бар, қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіштердің бірі.
Қазалы қаласы 1867 жылдан қала саналады. Қазір Қазалы қалалық әкімдігінің орталығы. Аудан орталығы Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 12 км жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан.
Айта кетейік, Қазалы қаласы қаласының тарихы терең. Қала 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін Сырдария уезінің орталығы болды. Қазалы ауданы 1928 жылы құрылды. Қазалы қаласы 1958 жылға дейін Қазалы ауданының әкімшілік орталығы болды. Осы 1958 жылы аудан орталығы Жаңақазалы (Сұлутам) станциясына ауысты, 1997 жылдан аудан орталығы Әйтеке би кенті аталады.
Сонымен, Қазалы қаласындағы бұл мешіттің құрылысын Қазаннан келген көпес Ғанибай өз қаржысымен 1887 жылы бастаған екен. Кейін құрылыс ұзақ мерзімге тоқтап қалып, 7 жылдан кейін халықтың күшімен 1894 жылы қайта ашылды.
Айта кетейік, көне архитектруалық нысан 1930 жылға дейін мешіт болып жұмыс істеді. 1949 жылы Қазалы қалалық кітапханасы осында көшіріліп, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді.
Республикалық маңызы бар, қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткішке 2000-2001 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілді.
06 тамыз 2018 ж. 1 562 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области