Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жыр-әннің елі – Сыр елі

Жыр-әннің елі – Сыр елі


«Сыр елі, жыр елі» деп келетін ерекшеленетін Сыр мектебінің еліміздің оңтүстік-батыс өңірі Қызылорда облысы Қазалы, Арал аудандарымен қатар, Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудан өңірлерін қамтитын жыраулық-жыршылық дәстүр, тарихы тереңнен қалыптасқан.
Әр мектептердің өзіндік әуендік ерекшеліктерімен қалыптасқан, жыраулық-жыршылық дәстүрдің өзіне тән әуендік мақамдарымен ерекшеленеді. Ел арасында Жиенбай, Нартай, Сәрсенбай, Нұртуған болып төртке бөлген.
Төртке бөлінген мектептердің аймақтарын Берік Жүсіпов: «Жиенбай да, Нартай да, Нұртуған да ХІХ ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдары мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Сыр бойы – Шиелі, Қармақшы, Арал аймағынан шыққан сөз зергерлері. Қармақшы өңірі, Ақжар ауылының тумасы Сәрсенбай Бөртебайұлы – бүгінгі жаңсақ түсінік иелері тарапынан әсіре әспеттелгендігі болмаса, ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейін көзі тірі келген көп жыршы-орындаушының бірі ғана», – деп қараған.
Жиенбай Дүзбенбетұлынан қалған көптеген мақаз-саздарын шәкірттері үлгі тұтқан. Оның немересі насихаттауға ат салысқан Көшеней Рүстембеков.
Арал өңірінен өз атымен аталатын жыршылық мектепті қалыптастырған ақын Нұртуған Кенжеғұлұлы. Өзінің қолына домбырасын ұстап топқа түсіп жыр айтпаса да, жыршылық мектептерге тән ерекшеліктерімен, мақаз-саздарын меңгерген қас орындаушы. Ұстаздық етіп шәкірттер тәрбиелеген Жәмет, Дәріғұл, Бақытжан сынды дарынды иелері тысқары болған жоқ.
Жоғары аталған мектептердің ішінде өзіндік ерекшелігімен өзгеден ерек мектеп болып қалыптастырған, Шиелі жерінен шыққан – Нартай Бекежанов. Сыр саңлағы өзіне жеке-дара мектеп болып, өзінің айрықша мақаз-саздарымен қолына домбырасы мен гармонын қатар ұстанған өнер иесінің әншілік мектеп болып қалыптасуына Арқадағы Үкілі Ыбырай мен Тайжандардың да ықпалы бар.
Арқа, Батыс, Жетісу әншілік мектептерден өзгешелігі, Сыр өңірінің ерекшелігі жыршы-жырау, термешілердің ұзақ жолдарды жатқа айтып, біріне-бірін жалғастырып жырлайды. Жырау бір жырдың ішінде бірнеше мақамға өзгеріп жырлап отырады.
Алайда сыр өңірінің әншілік мектептердің қалыптасып, сонау кездегі Қазтуған, Досмамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардан бастау алған, бертін келе Андағұл Балқы Дайрабай, Нартай, Ешнияз сал, Күмісай, Тоғжан, Рүстембек жырау, Әбілда Жүргенбаевтардың жалғасқан дәстүрін, бүгінде Мұхамеджан Рүстемов, Құрманбек Бекпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңабергенова, Берік Жүсіпов сынды өнер иелерімен жалғасын табуда.


28 қараша 2018 ж. 371 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области