Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәрбиелік мәні зор – бастаңғы ойыны

Тәрбиелік мәні зор – бастаңғы ойыны

Қазақтың әрбір салт-дәстүрінің тәрбиелік мәні зор. Әсіресе, жастарға астарлы ой тастап отыратын ұлттық ойындары тәлім-тәрбиеге бай. Сол ұлттық ойындар қатарында бастаңғы ойыны да бар. Бастаңғы – қазақ қыздарының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны.

Бұл ойын ауылдағы үлкен кісілер қонаққа немесе басқа себептермен ауылда болмаған жағдайда қыз-келіншектер бас қосып, бір үйге жиналып ойналады. Мұнда бәрі емін-еркін ойнап-күліп, қысылып-қымтырылмай сырласады. Бұл ойынға қыздардың қалауы бойынша жас жеңгелері де қатысады. Қазақтың отбасы тәрбиесіндегі «Қызға қырық үйден тыйым» деген қатал тәртібі қыз баланың жөнсіз жүруіне жол бермейді. Ол бүкіл отбасының абыройы. Оның үйінен себепсіз не рұқсатсыз ұзап шығуы ата-ананың намысын қорлайды. Бастаңғы – қыздардың үй іші шаруасында өз бетімен еркін әрекет етуінің бір шарасы.

Бастаңғыға жиналған қыздардың әрқайсысы тәтті-дәмдіні, құрт-майды үйден ала келіп, ортақ дастарқанға салады. Тамақты өздері әзірлейді. Бұл ойынның астарында үлкен тәрбиелік мән жатады. Қыздар осы ойын арқылы қонақ күтудің, табақты мүшелеп тартудың жөнін іс жүзінде орындап байқауға бейімделеді.

Бұл жерде өлең айтылмайды, шу болмайды. Алайда басқа ойын ойналып, көңілдерін көтереді. Үлкен кісілер байқаусыз келіп қалып, көздеріне түспеу үшін құрт-май, тәтті беріп, үй маңында сенімді, тіл алғыш балаларды қарауыл қылып қояды. Өйткені бұл қылықтарын үлкен кісілердің біліп қоюын әбестік деп ұғады.
09 қараша 2018 ж. 500 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области