Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Толық адамдардың арықтарға қарағанда ыстыққа өте төзімді екені анықталды

Толық адамдардың арықтарға қарағанда ыстыққа өте төзімді екені анықталды

Kyzylorda-news.kz. Ресейлік ғалымдар толық адамдардың арықтарға қарағанда ыстыққа төзімді келетінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Артық салмағы бар адамдар аномальді ыстық мезгілдерде өздерін арықтарға қарағанда жақсы сезінеді. Себебі, майлы қабаты оларды күнге қызып кетуден қорғайды", – делінген ресейлік ғалымдардың жақында жарияланған "Климаттың өзгеруі және денсаулық: бағалау, көрсеткіш, болжамдар" атты зерттеуінде.
Ресей ғалымдары өз зерттеулерін 2010 жылғы аномальді ыстықтан кейін бастаған. Олар аномальді ыстық ауа райының адам денсаулығына әсері жөнінде көптеген деректер жинады.
"Қоғамда қалыптасқан көзқарасқа қарамастан, артық салмақ аномальді ыстық кезінде өлім қаупінің және жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылмайды", – делінген ғалымдардың мәлімдемесінде.
Мамандардың пікірінше, майлы тіндердің салыстырмалы жылу өткізгіштігі ағзадағы басқа тіндерге қарағанда төмен. Сондықтан да тері астындағы тіндер күнге қызып кетуден қорғайды екен.

22 тамыз 2019 ж. 71 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области