Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЮНЕСКО МЕН БҰҰ МИССИЯСЫМЕН ҮНДЕС

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЮНЕСКО МЕН БҰҰ МИССИЯСЫМЕН ҮНДЕС


     ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақстандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауқымды тұсаукесері басталды. Шараның мақсаты туралы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігіне ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева айтып берді.
    - Аида Ғалымқызы, жоғары деңгейде әлемдік сарапшыларға қазақстандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын таныстыру туралы шешім неліктен қабылданды?
     - Ел Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұсынылған идеяда әлемдік трендтер кеңінен ескерілген. Оның маңызы Қазақстан үшін ғана емес, барлық халықаралық қауымдастық үшін өзекті. Сондықтан, біз бағдарламаны ауқымды деңгейде таныстыру керек деп шештік. Бұл тұсаукесер қазақстандық модельді ашық талқыға салуға бағытталып отыр. Екінші жағынан, біз конструктивті пікірлер мен жаңа идеяларды күтеміз. Сонымен қатар, әлемдік қауымдастық қазақстандық бағдарламадағы пайдалы жолды көріп, оның әлеуетін қолдана алады деген сенімдеміз.
    - Бұл үшін неліктен ЮНЕСКО таңдалды?
    - Қазақстандық модельдің мазмұны бұл ұйымдағы жұмыстардың бағыттарының талаптарына жауап бере алады. «Рухани жаңғыру» негізінде гуманитарлық даму, адам капиталының артықшылығы жатыр. Бұл ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның миссиясымен үндес.
    - ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ғана емес, «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасының да тұсаукесері өтіп жатыр. Бұл тұрғыда қандай міндеттер алға қойылып отыр?
    - Біздің елімізде ЮНЕСКО ұйымымен сындарлы жұмыс атқару тәжірибесі жетерлік. Қазақстан нақты осы ұйым қолдаған бастамаларды ұсынды. Қазақстандық тараптың бастамасымен 2013-2022 жылдар Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру онжылдығы болып жарияланды. Қазіргі таңда ЮНЕСКО ұранымен Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Алматыда Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы ашылғалы жатыр. Қазақстанның бастамасымен ЮНЕСКО Жібек жолы бойынша халықаралық онлайн-платформа ретінде ресми түрде жұмыс бастады
. Біздің «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» атты жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бұл халықаралық мәдени байланысты нығайта түсетін тағы бір диалог. Шетелдік аудиторияға отандық мәдениеттің ең озық үлгілерін таныстыратын шаралар легі өткізіледі. Біздің барлық мәдени байлығымызды тиімді түрде көрсету үшін халықаралық серіктестердің атсалысқаны керек. Бұл жұмысты бастау үшін ЮНЕСКО таптырмайтын алаң екенін айта кеткен жөн.



18 қазан 2017 ж. 633 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области