Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бокстан ҚР әйелдер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бокстан ҚР әйелдер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бокс федерациясынан мәлім еткендей, Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер кеңесінің ұсынымен және Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің мақұлдауымен Ерік Алғабек әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері болып тағайындалды.
Айта кетейік, 2005 жылдан бастап бұрымды аруларымызды Вадим Присяжнюк баптап келді. Оның жетекшілігімен Ұлттық құрама құрлықтағы үздіктер қатарынан көрініп келеді. Осы уақытқа дейін боксшы қыздар әлем чемпионаттарынан 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медал иеленсе, Олимпиада ойындарында екі қола медаль (2012 жылғы Олимпиада ойындарында Марина Вольнова, 2016 жылғы Олимпиадада Дариға Шәкімова) жеңіп алды.
Бас бапкер мықты құрам жасақтап, спортшыларымыз халықаралық турнирлерде үздіктер қатарынан көрінді. Қазақстан бокс федерациясы ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен еліміздегі боксшыларды дайындауға қосқан үлесі үшін Вадим Присяжнюкке алғыс білдірді.
Айта кетейік, соңғы Азия чемпионатында қазақстандық қыздар «алтын» мен «күміске» жете алмады. Осыдан соң, бапкерлер кеңесі команданы дайындау үшін жаңа күш, жаңа бағыт керектігін шешкен.
Әйелдер командасының басшылығына келген Ерік Алғабектің еңбек өтілі - 15 жыл. 2011-2016 жылдар аралығында жасөспірім қыздар мен жастар командасының бас бапкері қызметін атқарып, әлем чемпионаттарынан 4 алтын және 23 қола медаль жеңіп алуларына септігін тигізген. 2011 жылдан бері Алғабек олимпиадалық даярлау орталығында аға бапкер қызметін атқарды.

17 мамыр 2019 ж. 21 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области