Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Марина Вольнова шаршы алаңға қайта оралды

Марина Вольнова шаршы алаңға қайта оралды

Kyzylorda-news.kz. Бокстан Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының күмісі мен қола медалін иеленген Марина Вольнова араға біраз үзіліс салып, үлкен боксқа қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Отандық боксшы бүгін Шымкентте басталатын Қазақстан Спартакиадасында бақ сынап көрмек.
«Араға бес жылдай уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралдым. Бұл шешімімді жолдасым, ата-енем, әкем, барлығы қолдады. Командаға қайта қосылатынымды естіген боксшы қыздар да лебіздерін аямай жатыр.
Бұрын 75 келіде бақ сынағанмын. Енді 69 келіде жұдырықтасып көремін. Шыны керек, үш жарым жыл бойы ешқандай жаттығу жасамадым. Тіпті, жүгірген жоқпын да... Уақыт өте келе бокстың маған қажет екенін түсіндім. Әлі шамам бар, сондықтан өзімді қайрап, сынап көрмекпін.
Жалпы бокстан алшақтап қалғанымның өзіндік себептері бар. Лондон Олимпиадасынан соң тұрмысқа шықтым, шекесі торсықтай екі ұлды дүниеге әкелдім. Бүгінде үлкенім 4 жаста, кіші ұлым екіден асты. Затым әйел болғандықтан солардың тәрбиесіне мән беріп, үйде отыруды жөн санадым. Бүгінде ұлдарым өсіп келеді. Ал мені шаршы алаң қайта шақырып жатыр (күлді).
Қазақстан Спартакиадасына Нұр-Сұлтан атынан қатысамын. Өзім де елорда тұрғынымын. Бәрін осы жарыс көрсетеді енді. Қазір менің салмағымда бәсекелестік жоғары деңгейде. Жас боксшылар өте көп. Мен өз тәжірибем көмекке келер деген ойдамын. Егер бәрі сәтімен болса, әрі қарай құрама командаға өтсем деген тілек бар.
Ұлттық құрамадағы боксшы қыздармен сәлемім түзу. Барлығымен араласып тұрамын. Командаластарымның қатарына қайта қосылып, ірі жарыстарға қатыссам деген жопарым бар», – дейді Марина Вольнова.

14 мамыр 2019 ж. 106 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области