Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІР ОТАН! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!

БІР ОТАН! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!


    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Евразия» спорт кешенінде 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты спорттық бұқаралық шара өтті.
    Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттің өркендеуі жолындағы игі жұмыстар еліміздің тұңғыш Президентінің бастамасымен  жүзеге асты. Бірінші мәрте өткізілген шара аясында 1000-ға жуық спортшы гимнастикалық жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлгі болды.
    Шара барысында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов айтулы мерекемен құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен басқарма басшысы Олжас Акимов спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер мен спортшыларды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Олардың ішінде қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы Ғалымжан Абдрахманов, ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпионы Әсем Садықова, пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ұлан Әнуар болды.
    Сондай-ақ, облыстың жетекші спортшыларының қатарында мәнерлеп сырғанаудан қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева да айтулы шараға қатысып, мерекені ұлықтады.
    Президент күні мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған  шара Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындыланды.  





30 қараша 2017 ж. 106 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области