Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада шағын футболдан республикалық турнир өтті

Қызылордада шағын футболдан республикалық турнир өтті

Қызылордада құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Жастар жылына арналған VІІІ жазғы салалық Спартакиада бағдарламасы аясында өткен турнирге еліміздің құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қатар арнайы және күш құрылымдары қызметкерлері де қатысты.
Спорттық шараның ашылу салтанатына Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир барысында облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовқа Ішкі істер Министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың «Құрмет грамотасы» табысталды.
Республикалық турнирге барлығы 10 команда қатысты. Атап айтар болсақ, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР Қорғаныс министрлігі командалары бар.
Екі күнге созылған сайыс тартысты өтті. 100 спортшы қатысқан спорттық бәсекенің нәтижесінде І орынды ҚР Ішкі істер министрлігі командасы иеленді. Жүлделі ІІ орын ҚР ҰҚК Шекара қызметі командасына бұйырса, ІІІ орынды ҚР Бас Прокуратурасының командасы қанжығаларына байлады.
«Үздік шабуылшы» номинациясымен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ойыншысы Марат Отыншиев марапатталды. «Үздік қорғаушы» номинациясына ҚР Ішкі істер министрлігі командасының ойыншысы Данияр Сағындықов ие болды. Ал «Үздік қақпашы» номинациясымен ҚР Бас прокуратурасының ойыншысы Қуаныш Зулкашев марапатталды.

15 сәуір 2019 ж. 95 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области