Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Илья Ильин бастаған кіл мықтылар Азия чемпионатына қатысады

Илья Ильин бастаған кіл мықтылар Азия чемпионатына қатысады

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтетін лицензиялық Азия чемпионатына Жазира Жаппарқұл, Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Нижат Рахимов бастаған кіл мықтылар қатысады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне берген сұхбатында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников айтты.
Аталған лицензиялық «Сарықұрлық» додасы 20-28 сәуір аралығына Қытайдың Нинбо қаласында өтеді. Құрлық біріншілігі - 2020 жылғы Токио Олимпиадасына ұпай беретін маңызды алты турнирдің бірі.
Тілшінің «Қытайдағы сары құрлық додасында кімдерге сенім артамыз?» деген сауалына бас бапкер ерлер арасында Арлей Чонтей (55 келі), Фархад Харки (67 келі), Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 келі), Нижат Рахимов (89 келі), Илья Ильин, Рустам Сыбай (96 келі), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, Селімхан Абубакировқа (109 келі), әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (55 келі), Карина Горичева (64 келі), Екатерина Столяренко, Екатерина Быкова (71 келі), Жазира Жаппарқұл (76 келі), Раушан Мешітханова (81 келі), Лариса Кобелева (87 келі), Айзада Мүфтілдаға (+87 келі) сенім артатыны туралы айтты.
10 сәуір 2019 ж. 86 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области