Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НҰРОТАНДЫҚТАР ЗАҒИП ЖАНДАР АРАСЫНДА ДОЙБЫДАН ТУРНИР ӨТКІЗДІ

НҰРОТАНДЫҚТАР ЗАҒИП ЖАНДАР АРАСЫНДА ДОЙБЫДАН ТУРНИР ӨТКІЗДІ


      «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырлған сайысқа 20 жуық зағип жандар қатысты.
    - Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген қамқорлық ерекше. «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуіне қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бұл партияның саяси Доктринасында нақты қамтылған. Бүгінгі шара мақсаты  сіздердің рухани қуаттарыңыз бен денсаулықтарыңызды бір сәт сергіту болып отыр»,– деді сайыстың ашылу салтанатында сөз алған облыстық партия филиалы саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Алтынбек Жарылқасынов.
    2 сағаттан астам уақытқа созылған сайыс өте тартысты өтті. Қатысушылар өздерінің күш - қуаттары мен ептіліктерін, шеберліктерін, біліктіліктерін сарқа жұмсады. Нәтижесінде мықтылары топ жарып шықты. Атап айтсақ, 7 ойынан 6 ұпай жинаған, I-топ мүгедегі Жасұлан Тілеген 1 орынды иемденсе, 2 және 3 орын  ерлі –зайыпты Дүзбай Тойбазар мен Дүзбаева Күлімкөзге бұйырды.Сонымен қатар ардагер спортшы, белесенді спортшы номинациялары табысталып,барлық спортшылар  бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    – Спорт болған соң онда жеңіс те, жеңіліс те болады. Және сараптау да қатаң өтеді. Бұл жолы да солай болды. Бізді мүмкіндігі шектеулі жандар ғой деп ешкім жеңілдік жасаған жоқ. Кәдімгі толыққанды спорт додасындағыдай төреліктер жасалынды. Ол дұрыс. Бізді осының өзі қанаттандырды, намысымызды жанып, жігерлендірді. Соның нәтижесінде жеңіс тұғырынан көтеріліп отырмын, – дейді 1 орын иегері Жасұлан Тілеген.
    Партия қолдауымен өткізілген спорттық сайыс шын мәнінде мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілінен шықты.Олар көңілдеріне  қуаныш сыйлаған  «Нұр Отан» партиясына шексіз  ризашылықтарын білдірді.


30 қараша 2017 ж. 139 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области