Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҰҒЫРҒА КӨТЕРІЛДІ

ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҰҒЫРҒА КӨТЕРІЛДІ


    Қызылорда облысының  Жалағаш кентінде дзюдодан 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған республикалық турнир болып өтті.  
    Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 400-ге жуық татами шеберлері 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
    Жарыстың бас төрешісі Арман Молдахановтың айтуынша республикалық турнир жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
    Өз салмақ дәрежелерінде мына спортшылар бірінші тұғырдан көрінді:
    35 келі –  Данил Сұлтанхан (Астана қ.), 38 келі –  Рамазан Қартаңбай, 42 келі –  Нұрдаулет Смедиев (Қызылорда), 46 келі – Ілияс Нұрмаханұлы (Ленгер), 50 келі –  Диас Давлятов (ОҚО), 55 келі – Дінмұхаммед Алтай (Қызылорда), 60 келі –Мирас Мүслімов (Астана қ.), 66 келі –  Рамазан Әсембек (Қызылорда), + 66 келі – Әмір Ақтаев (Астана қ.).

28 қараша 2017 ж. 118 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области