Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР ШАҒЫН ФУТБОЛДАН БАҚ СЫНАСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР ШАҒЫН ФУТБОЛДАН БАҚ СЫНАСТЫ


    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні құқық қорғау органдары мен арнайы күш-құрылымдары қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Аталмыш жарыстың басты мақсаты – құқық қорғау органдары  қызметкерлері  арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады. Спорттық додаға барлығы 12 команда, 120 қызметкер қатысты.
    Құқық қорғаушылар арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің құрама командасы иеленсе, ІІ орынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінің құрама командасы қанжығасына байлады, ал ҚР Қорғаныс министрлігінің 66597 әскери бөлімінің құрама командасы жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
    Сондай-ақ жарыс шеңберінде үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік ойыншы бойынша үздіктер анықталды. «Үздік қорғаушы» номинациясына Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті құрама командасының ойыншысы Абдугаппаров Дулат лайық деп танылса, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы құрама командасының ойыншысы Серікбаев Асылбек, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің 66597 әскери бөлімінің құрама командасының ойыншысы Оңалбеков Тоқтар, «Үздік ойыншы» аталымы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінің құрама командасының ойыншысы Нұрмағамбетов Мажит  марапатталды.
    Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі


28 қараша 2017 ж. 185 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области