Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕРГІЛІКТІ БАЛУАНДАР ҮШІН ТАБЫСТЫ ТУРНИР БОЛДЫ

ЖЕРГІЛІКТІ БАЛУАНДАР ҮШІН ТАБЫСТЫ ТУРНИР БОЛДЫ


    Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
    Турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 2004-2006 жылдары туған 400-ге жуық жасөспірім қатысты.
    Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде ұлдар арасында 26 келі салмақ дарәжесінде Бауыржан Өмірбаев (Қызылорда) топ жарса, 29 келіде тағы бір жерлесіміз  Мейіржан Ержігіт бірінші орын тұғырынан көрінді. Отыз екі келіде алғашқы орын маңғыстаулық  Ербол Әскербаевқа бұйырды, отыз бес келіліктер арасында ақтөбелік Дәулет Тілеубаев топ жарды. 38 келідегі балуандар арасында бірінші орын жүлдесін жамбылдық  Әділет Ахметқали алса, 42 келіде  Қызылорда балуаны Әділет Әлмахан, қырық алты келі салмақта Оңтүстік Қазақстан облысының  балуаны Бейбарыс Исахан, 50 келіде белдескендер арасында Бекзат Еламан (Қызылорда),  +50 келіде Нұржан Әуесов (Қызылорда) үздік шықты.
    Қыздар арасында Зарина Мұратасыл (36 келі) (Қызылорда), Аружан Әбілқасым (42 келі) (Қызылорда), Жанна Мұхамедәлі  (50 келі) (Қызылорда) бірінші орын тұғырынан табылды.
    Жалпы осы турнирде облыстың жас балуандары 26 жүлде иеленді.
    Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар мен демеушілердің  диплом, медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.


27 қараша 2017 ж. 115 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области