Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ


    26 қараша күні қызылоралық оқушылар арасында SportFEST Kazakhstan спартакиадасының іріктеу кезеңі басталады. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты осы күні  №278 мектепте өтеді.
    Әуесқой спортты дамытуға арналған шара аясында қыздар арасында баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ (№278 мектеп), ұлдар арасында футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері мен үстел теннисі (№264 мектеп) бойынша турнирлер ұйымдастырылатын болады.
    Ашылу салтанатына пауэрлифтинг, панкратион бойынша ҚР спорт шеберлері мен чемпиондары, сонымен қатар спорттың әр түрінен жетістікке жеткен азаматтар қатысады.
    Жобаны «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» жеке қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту орының қолдауымен іске асырады.

24 қараша 2017 ж. 85 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области