Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ


    Қызылордада Халықаралық мүгедектер күніне орай «Тарлан» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында чемпионат өтті.
    Жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп Қызылорда облысының паралимпиада комитеті ұйымдастырған.  
    Оған  облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан 9 спортшы қатысты. Оның бесеуі ерлер, төртеуі әйелдер.
    Әйелдер арасында  жеңімпаздар: 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде – Алтынкүл Иманбаева, 61 кг дейін – Кабира Асқарова, 79 келіге дейін – Райла Қорғанбаева,  86 кг дейін – Лаззат Жақыпова. Ерлер арасында: 49 кг-ға дейін – Қуаныш Алиасқаров, Ерболат  Әлімбетов, 72 келіге дейін – Қуаныш Амангелдиев, 97 кг-ға дейін – Ғалым Сүлейменов.
    ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеевтің айтуынша, жарысқа  Қызылорда облысының танымал спорт ардагерлері - Алексей Цой, Алмасбек Сейтенов, Ғалым Сүлейменов пен Ерболат Әлімбетов қатысқан.
    Жүлдегерлер мен жеңімпаздар әртүрлі дәрежедегі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар мен қонақтар жарыстың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғандығын атап өтті.


24 қараша 2017 ж. 89 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области