Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭЛИЗАБЕТКЕ ҚОЛДАУ ТАНЫТАЙЫҚ

ЭЛИЗАБЕТКЕ ҚОЛДАУ ТАНЫТАЙЫҚ


    Республикалық www.olympic.kz сайтында еліміздегі «Үздік жас спортшы-2017» үміткерлеріне  дауыс беру шарасы жалғасуда. Ел үздігі атануға үміткерлер арасында жерлесіміз, мәнерлеп сырғанаудан  әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  ҚР 4 дүркін чемпионы Элизабет Тұрсынбаева бар.  
    Көп қолдауы арқасында Элизабет қазір 3 540 дауыс жинап, көш басында тұр.
    Талантты жерлесіміз өткен ай соңында Минскіде өткен  халықаралық «ICE STAR» турнирінде  бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның әнұранын шырқатты. Ал 15-19 қараша аралығында Франциядағы Гран-При жарысында  екі бағдарлама бойынша 200 ұпаймен рекордтық көрсеткішке  ие болды.
    Жалпы осы жыл Элизабет үшін табысты болды. Хельсинкидегі әлем чемпионатында үздік өнер көрсетіп, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет Кореяда өтетін Олимпиадаға екі лицензияны жеңіп алды.
    «Үздік жас спортшы-2017» үміткерлеріне  дауыс беру 28 қараша сағат 23:59 –да өз мәресіне жетеді.  
     Талантты жерлесіміздің жетістігі жалғасты болуы өз қолымызда, ағайын!
    Элизабетке қолдау танытайық!

24 қараша 2017 ж. 181 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области