Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


    Жезқазғанда еркін күрестен 2002-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында  ҚР чемпионаты өтті. Чемпионатта  жерлестеріміз 4 алтын,1 күміс, 2 қола медаль еншіледі.
    Атап айтсақ, Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарында балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары Рүстем Төлен (46 келі) мен Бекзат Тәжі (85 келі), аралдық Асқар Жеңісбеков және жаңақорғандық Нұржігіт Мұстафа (69 келі) Қазақстан чемпиондары атанды. 37 келі салмақта Аягөз Нұрадинова    күміс, Аружан Жұмахмет пен 42 келі салмақтағы Дастан Төлен   қола жүлделерді еншіледі.
    «Алғашқы айналым маған өте қиынға түсті. Одан кейінгі белдесулер аса бір қиындық туғызбады. Олардан оңай өттім десем де болады. Финалдық кезең басталысымен қателіктерге бой алдырдым, дегенмен, өзіме-өзім келіп, жеңісті жұлып алдым», - деді алтын медаль иегері Бекзат Тәжі.
    Спортшыларды жарысқа Еламан Мұратов, Мейрамбек Рахметов, Ильман Изатов және Бақтияр Сапаровтар дайындады. Сыр балуандары енді қараша айының соңында Көкшетауда өтетін халықаралық жарыста бақтарын сынайды.

23 қараша 2017 ж. 226 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области