Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық Фараби Сауытбаев – Азия чемпионы

Қызылордалық Фараби Сауытбаев – Азия чемпионы


Ташкент қаласында қысқы әмбебап жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында қызылордалық Фараби Сауытбаев Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Спортшы 65 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасып, қарсыластарының барлығынан басым түсті. Оның өткізген үш кездесуінің нәтижесі бойынша ауғанстандық спортшыны таза жеңіп, Тәжікстаннан келген қарсыласын 4:1 есебімен ұтты. Фараби финалда Өзбекстан спортышысымен белдесіп, оны 3:1 есебін сан соқтырды.
Фараби Сауытбаев 1993 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Әмбебап жекпе-жектен ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазіргі таңда №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Жаттықтырушысы Бауыржан Жүсіпов.
Әмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармахановтың айтуынша, ағымдағы жылдың 8-10 мамыр күндері Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Бұл дүбірлі додада Азия чемпионы Фараби Сауытбаев және облыстың құрама командасы облыс намысын қорғайды.
24 қаңтар 2019 ж. 483 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области