Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық спортшыларға облыс әкімі пәтер кілтін табыстады

Қызылордалық спортшыларға облыс әкімі пәтер кілтін табыстады

Аймақ басшысы бір топ спортшылармен, халықаралық жарыстардың жеңімпаздарымен кездесіп, оларға пәтер кілттері мен ақшалай сертификаттар табыстады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен III жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Диас Бахраддин мен парадзюдо бойынша алғашқы қазақстандық әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы жаңа пәтерлердің кілтін алды.
Кездесуге III жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы (6-18 қазан, Буэнос-Айрес, Аргентина) Диас Бахраддин, парадзюдо бойынша әлем чемпионы (16-18 қараша, Одивелаш қ., Португалия) Олжас Оразалыұлы, сондай-ақ дзюдодан Пара Азиаданың күміс жүлдегері - Азамат Тұрымбетов, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Айдос Сұлтанғали және байдарка мен каноэ есуден Азия ойындарының қола жүлдегері - Мерей Медетов және отырып ойнау волейболынан Пара Азия ойындарының қола жүлдегерлері - Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов және Алмат Манабаев қатысты.
«Биыл облыс спортшылары әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізіп, Тәуелсіз Еліміздің мәртебесін асқақтатуда. Облысымызда бұқаралық спорт, жоғары спорт шеберлігі, ұлттық спортпен қатар мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында да спорт қарқынды дамып келеді. Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медальді қызылордалық Олжас Оразалыұлы алып берді. Бұл жеңіс – Қазақстан Паралимпия спорты тарихындағы алғашқы медаль болып саналады. Сіздердің жеткен жетістіктеріңіз - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін күшейтіп, мыңдаған жастың спортқа, салауатты өмір салтына ынтасын арттырары сөзсіз. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесінің жоғары екендігін дәлелдеп, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар»,-деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, Диас Бахраддин, Айдос Сұлтанғали және Эрик Қасқабаев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Спорттағы жетістіктері үшін Диас Бахраддин мен Олжас Оразалыұлы пәтер кілттеріне, Айдос Сұлтанғали – 3 млн.теңге, Мерей Медетов пен Азамат Тұрымбетов – 1 млн.теңге, ал Эрик Қаксқабаев, Шыңғыс Медеуов және Алмат Манабаев – 500 мың теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды.
Өткен демалыс күндері Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы мен "Спорт жұлдыздары" республикалық журналы ұйымдастырған марапаттау рәсімінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, № 2 спорт мектебі және облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Үздік спортқа жанашыр облыс әкімі" номинациясы бойынша марапатталды.
Айта кетейік, спортты дамыту саласында аймақта олимпиадалық резервті дайындау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі, жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 35 спорт түрімен 18 мыңнан астам оқушы айналысады. Олардың қатарында 1 спортшы - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 40 спорт шебері, 878 спорт шебері кандидаты мен 1-ші дәрежелі спортшылар бар. Қазақстан Республикасының құрама командасына аймақтың 470 спортшысы қосылды.
Соңғы екі жылда аймақта 16 спорт ғимараты пайдалануға берілді. Оның 9-ы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында, 7-і облыстық бюджет есебінен салынды.
28 желтоқсан 2018 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области