Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр гимнастшылары ел чемпионатынан жүлделі оралды

Сыр гимнастшылары ел чемпионатынан жүлделі оралды

Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің 6 облысынан 26 команда, 8-16 жас аралығында 200 спортшы қатысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Дүбірлі бәсекеде Сыр гимнастшылары екі жас ерекшелігі бойынша күміс және қола жүлделерге қол жеткізді.
10-12 жас аралығында өткен сайысқа 8 команда қатысып, қыздар командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал 8-10 жас аралығында өнер көрсеткен гимнастшылар ІІІ орынды еншіледі. Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан дайындады.
Айта кетейік, бұған дейін облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, біршама жетістіктерге жетіп жүрген Сыр гимнастшылары алғашқы рет ел чемпионатынан жүлделі орындарды иеленді.
Ағымдағы жылдың 14-16 желтоқсан күндері «Мұз айдыны» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді. Бұл жарысқа еліміздің 8 облысынан 12 команда қатысады.
05 желтоқсан 2018 ж. 34 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области