Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ФУТБОЛ МАУСЫМЫ ТӘМАМ

ФУТБОЛ МАУСЫМЫ ТӘМАМ


Өткен аптаның жексенбісінде елдегі футбол маусымы қортындыланды. Наурыз айында бастау алған чемпионат тартыс пен қызыққа толы болғаны сөзсіз.
Жанкүйерлердің делебесін қоздырған жасыл алаңдағы жанталастың қорытынды нәтижесінде «Астана» ел чемпионы атанса, алматылық «Қайрат» қатарынан үшінші мәрте күміс жүлдені қанағат етті. Биылғы маусымда сәтті ойын өрнегін көрсеткен «Ордабасы» командасы тұңғыш рет жүлдегерлер қатарына енді.
Ал, қызылордалық «Қайсар» бірінші лигадан ене салысымен үздік алтылықтан орын алды. Соңғы турда Сыр аяқдопшылары «Таразға» қонаққа барған. Ойынның тағдырын жалғыз гол шешті.
Қызылордалықтар жеңіп қана қойған жоқ, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді. «Тараздың» тағдыры күні бұрын белгілі болып қойған. Қазақстан футбол федерациясының қалауымен алты ұпайынан айрылған Ваит Талғаев шәкірттері сол күйі естерін жия алмастан Бірінші лигадан бір-ақ шықты. «Қайсарға» қарсы матч ешнәрсені өзгертпесе де, соңғы турда өз алаңында «Тараз» жабырқаулы жанкүйерлерін қуантуға тырысатыны белгілі. Бірақ, керісінше, «Қайсар» жарады. Түзде «ауру» аңның жарасын одан сайын басып, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді. Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Жанкүйерлерінің айтағынан қаймыққан алаң иелері бас кезінде шабуылдауға тырысқанымен Марсель Исламқұловтың қақпасына ешнәрсе де дарыған жоқ. Ал көп ұзамай қонақтар да алаңға бой үйретіп, тараздықтарды тықсырта бастады. Бірақ талас негізінен алаң ортасында өрбіп, екі жақ та бірінші кезекте орталықта қожайын болудың қамын жасады. Екінші таймда Ваит Талғаев шәкірттері қамшыны қайта басты. Бірақ «Қайсардың» қарымта шабуылдарын өткізіп алып, «Тараз» футбол клубының түлегі Дмитрий Евстигнеевтің айып алаңының сыртынан тепкен добы әуелей ұшып, қақпа бағанасына тиді де, қақпаның жібек торында тулап жатты. Есеп – 0:1 Голдың алдында қонақтардың бас бапкері Стойчо Младенов Тоқтар Жаңғылышбайды алаңнан алып, орнына Милан Бойовичті шығарған. Сол Бойович 75-ші минутта ескерту қағазын алды да, кездесудің аяқталуына 10 минут қалғанда Бабахановпен оңбай соғысып, екеуі екі шетте аунап жатты. Ал дәрігерлер келіп, алаңнан көтеріп алып шығып бара жатқанда бас төреші оған қызыл қағаз көрсетіп, «Қайсар» кем құрамда қалды. Соңғы минуттарда «Тараз» қанша шабуылдап, таразы басын теңестіруге тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ. Енді олар алда-жалда ешнәрсе өзгеріп кетпесе, келесі маусымды Бірінші лигада өткізеді. Ал «Қайсар» ендігі жылы Еуропа лигасының жолдамасына да таласып қалуы мүмкін.
Жанболат КӘДЕНОВ, жанкүйер;
– Мен үшін «Қайсар» қайталанбас команда. Ойынды былай қойғанда команданың жаттығу дайындығын да қалт жібермедім. «Қайсардың» жанкүйері үшін сырт қалалар мен үшін алыс емес. Биылғы маусымда сүйікті командамды қолдау барысында Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларына бірге бардым. Кейде матчтар жұмыс уақытысымен тұспа-тұс келіп жатады. Ондай сәттерде жұмыс тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындап, басшылықтың рұқсатын аламын. Жалпы «Қайсар» үшін маусым сәтті аяқталды десем артық айтқандық емес. Соңғы ойындарда өзіне қажетті ұпай санын олжалап, мақсатты 6-орынға қол жеткізді. Сондықтан барлық жанкүйердің сенімін толықтай ақтады деп ойлаймын. Командамның әрі ойыны мен үшін үлкен той.
Марсель ИСЛАМҚҰЛОВ, «Қайсар» командасының қақпашысы;
– Жалпы, «Қайсар»  мансабымдағы ерекше команда ретінде қала бермек. Нақты айтсам, бағымды ашқан клуб. Командаға келгелі бірінші лиганың жеңімпазы атанып, алғаш рет премьер лигада ойнауға мүмкіндік алдым. Стойчо бастаған бапкерлер қосыны маусым басталғанда негізгі қақпашы ретінде алаңға шығарды. Азулы «Қайрат», «Астана» секілді командалармен ойнап, тәжірибе жинақтадым. Сәтті ойынның арқасында Ұлттық құрама бапкерлерінің назарына іліктім. Маусым қортындысында «Қайсармен» үздік алтылықтан көріндік. Әрине бұл – ұжымның ауыз біршілігінің арқасы. Ең алдымен жанкүйерлердің қызу қолдауына алғыс білдіремін.
Әділжан ҮМБЕТ,  Спорт журналисті;
– Биылғы футбол маусымы мәресіне жетіп, жанкүйерлер біріншілік барысын бағамдап жатыр. Сыр өңірінің доп десе делебесі қозатын дүйім жұрты «Қайсардың» ойын өрнегін таразыға тартып, өз бағасын беріп жатыр. Шынында, біздің командамыз қандай деңгейде қабілет-қарымын көрсете алды? Бұл орайда екіұдай күйде отырғанымыз жасырын емес. Ашығын айтайық, «Қайсар» биыл қаржыдан еш тапшылық көрген жоқ. Бұл орайда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауын айта кеткеніміз абзал. Команданың уайымсыз ойын көрсетуіне барлық жағдай жасалды. Бюджет те бұрынғыдай төмен емес. Өзге ұжымдармен қаржылық деңгейі шамалас. «Қайсар» жаңа маусымға басқалардан дайындықты ерте бастап кетті. Түркия төріне төрт мәрте барып қайтты. Соған қарамастан біріншілік шымылдығы түрілген сәтте команда толықтай жасақтала қоймағанын қалай түсінеміз? Мәселен, қақпашы мен шабуылшы мәселесі толық шешіле қойған жоқ. Алғашқыда Марсель Исламқұлов қақпаны күзетсе, трансферлік терезе жабылар сәтте тәжірибелі Александр Григоренконы аттай қалап алдырдық. Алғашқы айналымда жөні түзу шабуылшыға жарыған жоқпыз. Сербиядан келген Стефан Николич қанша ойында жасыл алаңға шықса да, 11 метрлік  айып добын соғудан аса алмай, еліне ертерек қайтуға мәжбүр болды. Жалпы, мұны қалай түсінеміз? Бапкер неге өз қателігін мойындамады? Әйтеуір, жанкүйерді әрі-сәрі еткен сауалдарға жауап табылған жоқ. Сондай-ақ, жергілікті футболшыларға қолдау әлі де өз деңгейінде емес. «Қайсарға» қызылордалық жастарды қолдау үшін құрылған «Байқоңырдан» неге спортшылар тартылмайды? Онда талантты жастар баршылық секілді. Әрбір бапкердің қабілеті таланттарды табудан көрінеді емес пе? Бас бапкер міндетін атқарған болгар маманы Стойчо Младенов команда бір жылда толықтай жасақтала қоймайтынын жеткізген. Биыл жүлдегерлер қатарынан көріну оңай еместігін айтты. Өйткені, ойыншылардың бір-бірін толық түсініп, сауатты ойнауы бірден бола қоймайды. Алғашқы жылы команданың негізі қаланады, одан кейін барып олардан нәтиже сұрауға болады. Бапкер сөзіне сенелік. Болгар маманының қабілет деңгейін онда келер жылы толық таразыға тартуға болады. Рас, «Қайсардың» жанкүйерді желпінткен ойындары аз емес. Кейбір кездесулерде шеберліктерін көрсете алды. Менің ойымша, «Қайсар» мұнан да жоғары орынға лайық. Өз деңгейін толық көрсете алды деп айта алмаймын. Десе де, келер жылдан күтеріміз көп. Биылғы қателіктер қайталанбаса дейміз. Маусым басталарда оған тас-түйін дайындықпен келсек деген ұсынысымыз бар.
www.aqmeshit-zhastary.kz

15 қараша 2017 ж. 194 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области